30 маусым күні сағат 19:00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 74-концерттік маусымының жабылуы аясында жетекші солистер Дмитрий Петюль (саксофон) мен Саят Бабаевтың (домбыра) орындауында аспаптық музыка кеші өтті.

Концерттік бағдарлама отандық  эстрада жұлдыздарының репертуарынан алынған туындылардан тұрды. Олардың ішінде: Мұрат Насыровтың, Димаш Құдайбергеннің, А-студио тобының, МузАрттың әндері, сонымен қатар Батырхан Шүкенов, Баянғали Әлімжанов және т.б. қазіргі қазақстандық композиторлардың танымал шығармалары болды.

Саксофонның жанды тербеп, жүректі баурайтын әсем үні мен домбыраның күмбірлеген өзіне тән тембрі осы кешті ерекше және ұмытылмайтындай етті.

Онлайн кім

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр