2021 жылдың 14 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Көрісу күніне арналған «Наурызым-нұрлы ырысым» атты концерт өтті.

Бұл мереке барысында  халық бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, үлкендерге құрмет көрсетіп, жақындарына жүрекжарды ізгі тілектерін білдіріп, амандық сұрасады.

Концерт филармония фойесінде өтті. Көрермендерге көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлайтын,  жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Залда щығармашылық шабытқа бөленген, жанға жайлы жылы атмосфера орнап,  әсем әуен қалықтап тұрды.

Көрермендердің назарына рояль мен баян аспаптарының сүйемелдеуінде қанықты нөмірлер ұсынылды, концерт аспаптық дуэттермен де безендіріліп, домбырамен де шарықтата ән шырқалды.

Көктемнің көрікті мерекесі - Көрісу күніне орай филармония әншілері: Төлеген Аманов, Гүлжан Ахметова, Мереке Бекмағамбетов, Аякөз Қалмағанбетова, Эльмира Нысанбаева, Ләззат Едрисова, Серікболсын Бекмолдин, Эльмира Төлеубаева және т.б.  шығармашыл тұлғалар махаббат пен әсемдікке толы, туған жердің сұлулығын суреттейтін әндерді орындап,  тыңдармандарына тарту етті.

Белгілі блогерлер мен Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының өкілдері концертіміздің қадірлі қонақтары болды.

Онлайн кім

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр