Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенованың сыңғырлаған даусына тамсана, әнін тыңдап өскен жас буынмен, өнеріне тәнті жанкүйерлері бүгін филармония әншілерінің орындауында сүйікті әншілерінің тамылжыта орындайтын «Көктем вальсі», «Қайықта», Жібектің әні «Толқыма», «Ана», «Гауһартас», және тағы басқа да әндерін тыңдады.

Т.Рахимовтың «Бибігүл» әні Республикалық байқаулардың лауреаты Өмірзақ Шешханның, Л.Хамидидің «Бұлбұл» әні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаеваның орындауында көпшілікке тарту етілді. Бар өмірін өнер жолына арнаған, 70 жылдан астам сахнаның сәнін кіргізіп, қазақтың халық әндерімен қатар әлемдік музыка жауһарларын шарықтата шырқаған, қазақ ән өнерін биікке көтеріп, асыл мұрамызды әлемге танытқан Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойына арналған ән кешінде К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндері орындалды. Бағдарламада «Гәкку» би ансамблі де өнер көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 235 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр