Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары 20 қараша күні «Көкшетау» МС-да облыс әкімі М.М.Ахметжановтың қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған іс-шараға қатысты. Халықты таза, табиғи өнімдермен қамтамасыз ететін мереке иелерін төл мерекелерімен құттықтады.

Концерттік бағдарламада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнербаев пен Нұрлан Әлімжанов, Либуше Санторизова (Рим, Италия), Республикалық байқаулардың лауреаттары: Аякөз Қалмағанбетова, Мерғали Хамит, Бекұлан Ерболатұлы, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі өнер көрсетті.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр