Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 10 қазан күні көрнекті орыс композиторы, пианист Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына арналған «Ветка сирени» атты музыкалық кофехана өтті.

Бағдарламада «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: еліміздегі жалғыз контртенор Батыржан Смаков, Серікболсын Бекмолдин, Аякөз Қалмағанбетова, Абзал Ес өнер көрсетті. Фортепианода Наталья Грицаева, Ольга Гергель, Алуа Құрманәлі, Захар Пшеничный, Кирилл Нашарбеков, Татьяна Бережная композитордың таңдаулы шығармаларын тыңдармандарға тарту еттіп, көрермендерді С.Рахманиновтың музыкасына тән тамаша сұлулық пен терең сезімге толы әлемге бойлатты. Кеш барысында дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко көрнекті композитордың өмірі мен шығармашылығын ашып көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 174 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр