Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері тағы бір үлкен мәреде жүлделі болды! 

 Ақтау қаласында өткен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Алмас Бекбосыновтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық халық би фестивалінің қорытындысы бойынша Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы "Гәкку" би ансамблінің әртісі Камила Бекмуханбетова арнайы жүлделерге ие болды!  

Аталмыш фестивальге 5 шет мемлекеттен 25 қатысушы қатысып, ішінен топжарғаны Камила Бекмуханбетова атанып отыр. Камила Халықаралық дәрежеде өткен өнер додасында орындау шеберлігінің жоғары кәсібилігі үшін "Түріксой" халықаралық ұйымының "Алғыс хатымен", "Ғазиза Әбдиева" атындағы арнайы жүлдемен, жалпы фестивальде үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. 

 Камиланың аз уақыт ішіндегі жоғары жетістігі ансамбль жетекшісі Гүлмира Ордабаваның орасан зор еңбегі деп білеміз. Гүлмира Мерғалиқызы, өзінің шәкірті Камиламен бірге фестиваль аясында ұйымдастырылған шеберлік сыныптарға, көрмелерге, дөңгелек үстелдерге қатысып, анықтама қағаздарын алды. 

 Төрелік еткен қазылар алқасы құрамында: Қазақ КСР-нің халық әртісі Талпақова Гүлжан Ізімқызы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор, «Ы. Алтынсарин», «Халықалғысы» төсбелгісімен, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері Ізім Тойған Оспанқызы, Мемлекеттік «НАЗ» би театрының директоры, Хореография өнерінің қайраткерлер қоғамының төреағасы , ҚР Мәдениет қайраткері Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері ,педагогика ғылымдарының кандидаты Ажибекова Зауре Бекембаевнат болды. 

 Құтты болсын!

Онлайн кім

Қазір 322 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр