30 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында бас дирижер  Ерназар Уразалин мен дирижер Шыңғыс Елемановтың жетекшілік етуімен Дүниежүзілік джаз күніне арналған эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің «Disco dance» концерті өтті.

Концерттік бағдарламаға филармония  әншілері: «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова, «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, Марина Зяблинцева, Арай Букаева, Саида Сағди, Анастасия Волошина, Данияр Кабдуалиев қатысып, тамылжыған әндерімен көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар  «Мәдениет саласының үздіктері» Гүлмира Ордабаева мен Галина Колесникова жетекшілік еткен «Гәкку» би ансамблі мен вокал тобы да өнер көрсетті.

Көрермендердің назарына АВВА, Arabesque, Space, Lipps Inc, Boney – M, «Блестящие» сынды  танымал топтар мен Б.Шүкенов, А.Челентано, А.Пугачева, Г.Гейнердей атақты әншілердің репертуарынан алынған, көпшіліктің сүйіп тыңдайтын  әндері  мен  жауһар туындылар ұсынылды.
«Disco dance» концерті көрермендеріне тамаша көңіл-күй мен ерекше сезім сыйлағаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр