13 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасеновтің ақын, публицист, педагог, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Мен жастарға сенемін» авторлық жобасы өтті.

Кеш барысында сыршыл лирика шебері Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен ән-жыры орындалды. Көкше ақын-композиторларын зерттеп, қаламына тиек етіп жүрген Сәрсенбай Хасенов Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына тоқталып, жауһар туындыларын көпшіліктің назарына ұсынды. Концерттік бағдарламада «Мәдениет қайраткері» Жанат Есовтың орындауында «Тез барам» әні, Аякөз Қалмағанбетованың орындауында «Айрылғанда» әні көрермендерге тарту етілсе, Жанар Сақтағанова домбырамен «Жұлдыздарға» әнін, Саида Сағди «Бесік жырын» төгілте шырқады. Кеш барысында ақынның атақты «Батыр Баян» поэмасы да орындалды.

Онлайн кім

Қазір 183 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр