5 желтоқсан күні Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Мәдениет қайраткері» Гүлжан Ахметованың авторлық жобасы өтті.
Кешті журналист, ақын, жазушы Ерболат Баятұлы жүргізді.
Бұл кеш қазақ әдебиетінде өшпейтін із қалдырған ақын-жазушылардың маңдайалдысы, балалар әдебиетінің қара нары атанған Мұзафар Айтмағамбетұлының өмірі мен шығармашылығын толық қамтыды.
Ән және поэзия кеші барысында ақынның қаламынан туған әндер көпшіліктің назарына ұсынылды.
Концертмейстер Ольга Гергельдің фортепианода сүйемелдеуімен «Мәдениет қайраткері» Гүлжан Ахметова «Ақмаңдайлым», «Сүйген болсаң сағынарсың» әндерін, Аякөз Қалмағанбетова «Ақсұңқарым», «Көктем вальсі», «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов баян аспабында «Маралдым», Жанар Сақтағанова «Өзің де жігіт қызықсың» әндерін орындады.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/905-06-12-23.html#sigProId5bc7a98e3b