Екі күнге ұласқан ән байқауына төрелік етіп, бағасын берген қазылар алқасының құрамы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабекова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қуаныш Оспан, Мәдениет қайраткері Мара Есмұханова, дәстүрлі әнші, Арқа әндерін зерттеуші Сәрсенбай Хасенов және Мәдениет саласының үздігі Эльмира Төлеубаева. 

🔸️Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» ІІ Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының 3-ші дәрежелі дипломы мен 300 мың теңге ақшалай сертификатымен Бауыржан Марксов (Абай облысы); 

🔸️2-ші дәрежелі дипломы мен 700 мың теңге ақшалай сертификатымен Мөлдір Смайыл (Ұлытау облысы);

🔸️1-ші дәрежелі дипломы мен 1 млн теңге ақшалай сертификатымен Ерқанат Ерұланбек (Ақмола облысы).

🔸️Бас жүлде – 3 млн теңге ақшалай сертификатымен Зәмзәгүл Смағұл (Астана қаласы) марапатталды.

Құтты болсын!💐

Онлайн кім

Қазір 192 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр