15 қараша күні К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде филармония солисі Серікболсын Бекмолдинның жеке концерті өтті. 

Концерттік бағдарлама М.Төлебаевтың «Абай» операсынан алынған Тойбастар әнімен ашылды. Кеш барысында Серікболсын Бекмолдин қазақ, орыс, шетел композиторларының шығармаларын орындады. 

Сонымен қатар Серікболсынның әріптестері «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова мен Аякөз Қалмағанбетова да өнер көрсетті. 

Серікболсынның досы Нұрбек Өмірбеков осы кешке арнайы келіп, әнмен шашу шашты. Кеш иесінің шәкірті Ерлан Шапай ұстазының шығарған «Туған ел» әнін көрермендерге тарту етті. 

Сонымен қатар Серікболсынның шығарған «Ана» әні де көпшіліктің назарына ұсынылды.

Онлайн кім

Қазір 90 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр