16 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының камералық хорының «The Best»   атты концерті  өтті.

Көкшетаулық көрермендер әйгілі классикалық шығармалардың эталондық орындалуы мен әртүрлі форматтағы және бағыттағы заманауи өңделген шығармаларды  бағалап, атап өтті.

«The Best» концерттік бағдарламасына ұжымның үздік нөмірлері: классикалық, танымал халық шығармалары, ретро-әндер, сондай-ақ жаңа заманауи хиттер кірді: М.Нұрғожинованың өңдеудегі «Сүгірдің термесі», В.Гончаровтың өңдеудегі «Ох, уж ты, Порушка- Параня» орыс халық әні, К.Шілдебаев пен Т. Молдағалиевтің атақты «Отан Ана»  әні, «Queen» тобының танымал «Bohemian Rhapsody» және We will rock you» композициялары мен басқа да шығармалар.

Сонымен қатар концертке «SAMIYAN» және «TABRIZ» вокалдық топтары қатысты. 

Онлайн кім

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр