14 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында кеш қонақтары:  Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрінің дирижері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, композитор, пианист Арман Жайым (Астана қ.) мен Халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» Алмат  Сайжанның (қобыз) қатысуымен камералық музыка ансамблінің концерті өтті. Жетекшісі және дирижері - Жанат Рашит.

Концерттік бағдарламада Арман Жайымның «Қорқыт» 4 бөлімді сюитасы, «Аңшылық», «Тәуке хан», «Сағыныш», «Скерцо» және  Алмат Сайжанның «Элегия», «Нәубет жылдары»   т.б. да төл туындылары орындалды.

Сондай-ақ, Тәттімбеттің «Қосбасар», «Сылқылдақ», Абылай ханның «Қара жорға» сынды атақты шығармалары Арман Жайымның аранжировкасында  көрермендердің назарына ұсынылды.

Он саусағынан бал тамған өнер иелеріне  тамаша аспаптық музыка кеші мен қазақ халқының ұлы музыкалық мұрасын шебер орындап, көрермендерге тарту еткені үшін алғыс айтамыз.

Онлайн кім

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр