21 қыркүйек күні «Музыкалық кофехана» жобасын сүйіп тыңдайтын көрермендердің назарына «Мелодии солирующих  инструментов» концерт-дәрісі ұсынылды.

Музыкатанушы, әр аспапты, әр шығарманы талқылап, тарихын ашып, көркемсөз жанрында жеткізуші Юлия Никитенко  кештің сәнін кіргізіп, әр аспап пен шығармаға тоқталып, қызықты деректермен бөлісті. Кеш барысында  филармония солисі «Мәдениет саласының үздігі»  Валерия Болиева Алябьевтің «Соловей» шығармасын шырқады. Бүгінгі музыкалық кофехана барысында әр аспаптың өзіндік қыр-сырын ашып көрсететін шығармалар өнер сүйер қауымның назарына ұсынылды. Өз ісінің майталманы, хас шеберлер: Өтеген Қуандық  (кларнет), Аман Қалибеков (фагот), Анна Батлукова (флейта), Азар Закиров (труба), Наташа Серафимович (саксофон), Алибек Ахмалишев (гитара), Наталья Грицаева (клавесин) өз аспаптарында өнер көрсетті. Концертмейстер Наталья Грицаева  фортепианода сүйемелдеді. «Мәдениет саласының үздіктері» Валерия Болиева мен Жұмабике Омарованың (скрипка) орындауында Паганинидің «Романс Шарлотты» туындысы, ішекті квартеттің орындауында Иоахим Йоховтың «Кофе брейк», «Je Veux» шығармалары көптің көңілінен шықты.

Онлайн кім

Қазір 153 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр