«Музыкалық кофехана» жобасы - көрермендердің көңілінен шыққан жоба. Қазіргі таңда музыкалық кофехананың өз көрермендері, өз тыңдармандары бар. Бүгінгі музыкалық кофехананың кезекті саны музыка әлемінде аты алтын әріппен жазылған танымал композиторлардың әзіл-оспаққа толы туындыларына арналды.

«Несерьезная музыка серьезных композиторов» музыкалық кофеханасына  камералық музыка ансамблі (дирижері Жанат Рашит), симфониялық оркестр (бас дирижері Берік Сарыбай),  камералық хор (жетекшісі Галина Колесникова) және филармония солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, Эльмира Нысанбаева, Аякөз Қалмағанбетова, Мирзат Молдаханов, он саусағынан бал тамған майталман аспапшылар: «Мәдениет саласының үздігі» Жұмабике Омарова (скрипка),    Анна Батлукова (флейта), Андрей Романика (ұрмалы аспаптар) қатысты. Наталья  Грицаева мен Мақпал Даулетжанова фортепианода сүйемелдеді.

Ал музыкатанушы-дәрісші Юлия Никитенко бүгінгі кештің бояуын кіргізіп, көркем сөзбен әрледі.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр