Дирижер – сиқырлы таяқшасының арқасында сазды әуенді жасайтын оркестрдің жүрегі.
Қарапайым адамның көзімен қарасақ, дирижер музыкадан түсінінігі жоқ адам сынды, ал шын мәнінде өнерден хабары бар адамдар оның үйлесімді қимыл-қозғалысынсыз оркестрдің үйлесімді дыбысталуы мүмкін еместігін біледі.
Себебі дирижер партияларды бөлетін, репертуар таңдаудың барлық қыр-сырын жетік меңгерген және барлық оркестр құрамының орындау деңгейін, шеберліктерін шыңдаумен айналысатын, сапасына ерекше көңіл бөлетін шығармашыл тұлға.
Бүгін біз онлайн-платформамызда дирижерлеу тақырыбын жай қозғап отырғанымыз жоқ, себебі бүгінгі сұхбатымыз эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің дирижері Ерназар Уразалинмен болмақ. Маэстромен бірге дирижерлеу өнерінің өзіндік ерекшеліктерін, оркестрлік музыканы жаттап, қалай орындау керектігінің қыр-сырымен терең таныса отыра, жұмыс барысында қандай қиындықтармен кездесетіндігін білетін боламыз.
Міне осының бәрін «Филармония өмірінен бір күн» бейнетарауының кезекті санынан тамашалай аласыздар.
Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов.