1996 жылы Гульжан Ахметова Ш.Қалдаяқов атындағы Республикалық байқаудың дипломанты атанды.
Гульжан Ахметова қазақ, орыс және шетел сазгерлерінің шығармаларын, сонымен қатар халық әндерін және қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде Көкшетау ақындарының – Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, Біржан салдың шығармаларын орындайды.
ҚР Тәуелсіздігіне және ҰОС жеңісіне арналған, жеке концерттерін дайындады.
1996 жылы 50-ші концерттік маусымның жабылуы аясында қойылған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында Гүлжан Ахметова Дүрия партиясын, келесі қойылымдарда басты партия Жібекті ойнады.
2011 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды.