Музыка – өнердің ішіндегі ең жасампазы.

Оның сиқырлы құдіреті баурамаған адам кемде-кем.

Ғажайып сазды, сұлу үнді жеткізетін орындаушы топтар, олар - оркестрлер,

ансамбльдер және жеке аспапта ойнаушылар. Сондай танымал топтың бірі

«Айнакөл» фольклорлық ансамблі. Шығармашылық ұжымның «Айнакөл»

атануының да өзіндік себебі бар. Ол- сұлу Көкшедегі , әсем

Бурабайдағы айнадай жарқырап жатқан көлдің атауы.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының

қазақ халық аспаптар оркестрінің негізінде 2004 жылы құрылған

«Айнакөл» ансамблі аз уақыттың ішінде елімізде, шетелдерде танымал болды.

Халқымыздың байырғы музыкалық аспаптарында ойнаудың қыры-сырын терең

меңгерген кәсіби музыканттардың орындауында аққудың сұңқылы, қаздың қаңқылы,

ботаның боздауы, желдің уілі секілді табиғи үн мен дыбыс тұла бойыңды кернейді.

Ансамбльдің сүйемелдеуімен филармонияның әншілері де өнер көрсетеді.

Солардың бірі Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты,

Жәнібек Кәрменов атындағы сыйлықтың иегері, белгілі әнші - Эльмира Төлеубаева.

«Айнакөл» фольклорлық ансамбілінің сүйемелдеуімен

Эльмира Төлеубаеваның орындауында

Бек Тоғыспаевтың сөзіне жазылған, белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген

өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің «Айнакөл» әнін сіздерге тарту етеміз.

Онлайн кім

Қазір 150 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр