19 қаңтар күні сағат 18:30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің «GOLDEN SONGS» атты концерті өтті.

Дирижер «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалинның жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі отандық, советтік және шетелдік эстрада жұлдыздарының көбінің атын шығарып, танымал еткен 80,90,2000 жылдардағы хит шығармаларды орындады.

Концерттік бағдарламаға әлемге әйгілі болған шығармалар енгізілді, кезінде оларды орындағандар әлем жұлдыздарына айналып шарықтаса, кейбірі әлі күнге дейін сол сый-құрметке бөленіп жүр. Сондықтан да бұл композицияларды талай ұрпақ тамсана тыңдап келеді және бұл өлмес туындылар өткен ғасырдан бүгінгі күнге дейін жетті. Фрэнк Синатра, «Boney M», «ABBA» және тағы басқа да топтардың репертуарларынан әндер орындалды.

Онлайн кім

Қазір 78 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр