Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының ең басты ұлттық мерекелерінің бірі. 13 желтоқсанда "Көкшетау" мәдениет сарайында тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған салтанатты іс-шара мен мерекелік концерт өтті. Салтанатты бөлімде Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жерлестерімізді жемісті мемлекеттік, қоғамдық және шығармашылық қызметтері үшін марапаттады.
Концертті филармония солистері, "Көкшетау" мәдениет сарайының хореографиялық ұжымдарымен бірге "Біз біргеміз" композициясымен ашты. Қазақстанның әр түрлі ұлттарының костюмдеріндегі әуенді, патриоттық ән және жарқын көпшілік би шоуы барлық іс-шараға үн қосты.
"Туған ел" әнін (Н. Тілендиев,Т. Молдағалиев) Назарбаев Зияткерлік мектебінің "Ұландар" ұл балалар хоры ( жетекшісі Азамат Мағавин) көңілді және әсерлі орындады. "Сақ сарбаздары" биі көрермендерге ерекше әсер қалдырды (Жанатай Қожабековтың қойылымы, «Гәкку» би ансамблінің орындауында, жетекшісі Гүлмира Ордабаева).
Өз энергетикасымен баурап алатын, қарқынды, үнемі өзгеріп тұратын хореграфиялық суреті бар би көрермендерді сақ жауынгерлері дәуіріне қайта алып барғандай болды. Биде жылқы тұяғының дүбірі, қамшының ысқырығы естілді, ал әр қыздың жанарынан атақты патшайым Томиристі көруге болады.
Нұр-сұлтан қаласынан келген "Этнос" дуэті А. Азбаевтың "Батырлар ізімен" композициясын орындап, домбыра мен қобыздағы виртуоздық ойынмен таң қалдырды. К.Кумисбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы (дирижері Жанат Рашит) Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы «Шашу» өте әуенді, көрікті және думанды болды.
Оркестірдің терең, жүрекжарды музыкасы және нәзік қазақ халық биі осы ұлы шығарманың барлық сұлулығын жеткізе алды. К. Кумисбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен, Ж. Мусин атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі хоры (жетекшісі Гульжан Аширбекова) мен Ермек Биримжановтың орындауындағы М. Маңғытаев пен К.Ыдырысовтың әні «Қазақстанмын менің» патриоттық сезімге бөледі. Оның күшті, шынайы дауысы жан тереңдігіне жетіп, өз Отанымыз үшін және өткеніміз бен келешегіміз үшін мақтаныш сезімін тудырды.
Сонымен қатар, оркестр «Орақты батыр» компазициясын өте әсерлі, әрі патриотты орындады.
Музыканттар қазақ батырларының барлық күш-жігерін, ептілігін, жеңіске деген ерік-жігерін, отанына деген сүйіспеншілігін, оны қорғауға кез келген уақытта дайындықтарын жеткізе алды . Бұл жерде бейнеконтенттің үлкен рөлін атап өткім келеді – экрандағы бейнеконтент ұлы музыканы керемет толықтырып, шығарманың мағынасын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Мерекелік концерттің қонағы, халықаралық "Славянский базар" конкурсының Гран-при иегері Әділхан Макин көрермендердің жүрегін өзінің үш октавалы дауысымен баурап алды.
Ол И.Николаевтің «Озера надежды» және К. Махановтың «Гүлістан Қазақстан» атты екі әнді орындады.
«Озеро надежды» әнін бейне бір жүрегінде махаббат сезімі жаңа туғандай позитивті, өміршең айтты. «Гүлістан Қазақстаным»- патриоттық әні арқылы гүлденген Отанының бар сұлулығы мен оған деген махаббатын жеткізді. Бұл әнді орындауда, әншіге "Астана-Опера" МОБТ балетінің солистері А. Тоқтар, Н. Ғалымжан және "Гәкку" би ансамблі көмектесті. Зал Әділханды гүлдермен және ду қол шапалақпен шығарып салды.
Концерттің соңғы нүктесін филармония солистері Фархат Сағымбай, Алмаз Оразалин, Мерғали Хамит "Батырлар ұраны" әнімен (авторлары Б. Алкожа, Ж. Даулет) және хореографиялық ұжымдар қойды. Әннің соңғы жумағында, Көкшетау техникалық институтының курсанттары көрермендер залына жалаулар алып кіріп, концертке ерекше салтанаттылық пен ұлылық берді.
Финал жарқын, керемет әсерлі, қызқты, жан толқыралық және көңіл-күйді шарықтатып, өз еліміз үшін деген мақтаныш пен оның болашағына деген сенімділікті тудыратындай болып шықты.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/497-r-t-uelsizdigi-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhiyn.html#sigProId815e4aa1c9