Наурыз – 5 мың жылдан артық аталып өтіп келе жатқан Азия халықтарының басты мерекесі. Көптен күткен көктем мерекесі, табиғаттың жаңарған мезгілі, жаңа өмір мен жаңа жылдың басы саналатын бұл мереке -  әрдайым қызыққа, ұлттық ойын-сауыққа, ән-жырға, биге толы.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары 17-22 наурыз аралығында еліміздің басты мерекелерінің бірі - Әз-Наурыз мейрамын облыстық деңгейде ғана емес, республикалық деңгейде тойлауға белсене қатысты. Олар Алматы, Степногор қалаларында, сонымен қатар «РИО» ойын-сауық орталығында және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде өнер көрсетті.

Біздің қаламыздың жас көрермендері үшін Татьяна Кирьянова жетекшілік еткен «Мюзикл» театралдық студиясы «Наурыз думан» атты музыкалық-интерактивті шоу дайындады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Наурыз мейрамын атап өту үшін көлемді концерттік бағдарлама дайындалады, көкшетаулықтар мен қала қонақтары үшін дайындалған бағдарлама барысында көпшілік демалып, қызықты ойын-сауықты тамашалайды. Осындай думандатқан көктем мерекесіне облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары да өз үлесін қосты. 21 наурыз күні «Абылай хан» алаңында өткен дүбірлі мереке аясында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен филармония әншілері де өнер көрсетіп, қызықты концерттік бағдарламасымен, кәсіби орындау шеберлігімен көпшіліктің назарын өзіне қаратты.

Онлайн кім

Қазір 223 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр