Сәрсенбай Оразалыұлы боз даланы бебеулеген үнімен толғатқан, тәмам елді тамсантқан бозторғай іспетті ән сүйген, өнерді қастерлеген өлкені жібектей есілген үнімен тербелтіп, тебірентіп келе жатқан әнші. Әнші ғана емес, ел есінде еміс-еміс сақталған көне мұраның жоқшысы, жоқтаушысы. Ән әлемінің жарқыраған жауһарындай отыздан астам әнді тауып, халықтың игілігіне қайта ұсынған жан. Ұлттық өнерді ұлықтай білетін жалпақ жұртқа асылдардың мұраларын қайта табыстап, рухани көкжиегін кеңейтуге қисапсыз еңбек сіңіріп жүр. 

Өнер зерттеушісі ретінде «Айтыс керуіне», «Сұраған саған аманат», «Жігіттің падишасы», «Жалғыз арша» жинақтарында ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанған киелі Көкше топырағында ғұмыр кешкен өнер алыптарының өнегелі өмірі мен шырайлы шығармашылығы топтастырылған.

 Кеш барысында Сәрсенбай Хасеновтің Біржан салдың 190 жылдығы аясында жарық көрген «Жалғыз арша» кітабы мен Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Жігіттің падишасы» кітаптарының тұсауы кесілді. 

Қазақ поэзиясының жарқын өкілдері сал-серілердің асыл туындылары насихатталатын кешке әнші-өнертанушы Ерлан Төлеутай (Алматы қ.), «Мәдениет саласының үздігі» Біржан Есжан (Қызылжар қ.), «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, Республикалық байқаулардың лауреаты Өмірзақ Шешханұлы қатысты.

Онлайн кім

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр