Филармония қабырғасында 22 қыркүйек күні кішкентай көрермендерге арналған қызықты, өте тартымды, музыкалық мазмұны бай, әсерлі қойылым - С.Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі өтті.

Жас көрермендер қойылымды Дина Ардақтың ағылшын тілінде баяндауымен симфониялық оркестр (дирижері Темірлан Нұржау) мен «Аманат» би студиясының (жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева) орындауында тыңдады. 

Ертегінің қоюшы-режиссері: Татьяна Кирьянова. Ертегі айтушының қоңыр даусы симфониялық оркестрдің жанды орындауына ұласып, ертегі желісінде болып жатқан барлық оқиғаларды тілсіз, кейіпкерлерді пластика мен мимика арқылы бейнелеу, сонымен қатар енгізілген балет элементтері ертеден келе жатқан ертегіні жаңа қырынан көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 19 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр