Жас көрермендер қойылымды Татьяна Кирьянованың  баяндауында симфониялық оркестр  (дирижері  Темірлан Нұржау) мен «Аманат» би студиясының (жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева)  орындауында  тыңдады. Ертегінің қоюшы-режиссері: Татьяна Кирьянова.

Ертегі айтушының қоңыр даусы симфониялық оркестрдің жанды орындауына ұласып, ертегі желісінде болып жатқан барлық оқиғаларды тілсіз, кейіпкерлерді пластика мен мимика арқылы бейнелеу, сонымен қатар енгізілген балет  элементтері ертеден келе жатқан ертегіні жаңа қырынан көрсетті.

 «Петя мен қасқыр» - Сергей Прокофьевтің балаларға арнап 1936 жылы жазған симфониялық ертегісі. Ертегі алғаш рет 1936 жылы Мәскеу филармониясында орындалды. Автор өзінің өмірбаянында: «Ертегінің әр кейіпкерінің бір аспапқа сеніп тапсырылған өзіндік лейтмотиві болды: үйректі - гобой, атаны – фагот, құсты - флейта аспабы бейнеледі. Орындау алдында аспаптар балаларға көрсетіліп, оларда тақырыптар ойналады: орындау барысында балалар тақырыптарды бірнеше рет естіп, аспаптардың тембрін тануды үйренеді - бұл ертегінің педагогикалық мәні. Маған ертегінің өзі маңызды емес, балалардың музыканы тыңдауы маңызды болды, ол үшін ертегі тек сылтау болды»- деген екен.

Онлайн кім

Қазір 95 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр