Дирижерлер: Қазақстанның Халық әртісі Абзал Мұхитдинов, Республикалық байқаулардың лауреаттары Жанат Рашит, Темірлан Нұржау, Дина Ардақ.

Классикалық музыка кеші барокко, классицизм және романтизм сынды әртүрлі дәуірлердің жауһар туындыларынан ләззат алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар көпшіліктің назарына   заманауи классиктер мен отандық композиторлардың шығармалары ұсынылды.

Бағдарламада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева Ж.Массненің  «Дон Сезар де Базан» операсынан Севильянаның ариясын, Республикалық байқаулардың лауреаттары Бекұлан Ерболатұлы  В.Моцарттың «Свадьба Фигаро» операсынан Фигаро ариясын, Серікболсын Бекмолдин П.Чайковскийдің «Иоланта» операсынан Роберто ариясын, ал Либуше Санторизова  (Чехия) А.Дворжактың «Русалка» операсынан Русалка ариясын тамылжыта орындады.  Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуінде солист Алибек Ахмалишев (гитара) Х.Родригоның «Аранхуэсский концерт» музыкалық композициясынан Адажио 2 бөлімін орындаса, Ербол Базаров (ксилофон), Роман Гомозов (саксофон) аспаптарында А.Хачатурянның «Танец с саблями» шығармасын көпшілікке тарту етті.

Бүгінгі кеш классикалық музыканы бағалаушылар үшін ерекше кеш болғаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 69 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр