Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 28 ақпан күні майталман шебер гитарашы Әлібек Ахмалишевтің жеке концерті өтті.

Концерттік бағдарламаның бірінші бөлімінде Франциско Тарреги, Х.Морель, Р.Диенстің танымал туындылары мен Әлібек Ахмалишевтің өңдеуінде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» және Япырай» композициялары, сонымен қатар кеш иесінің «Невесомость» атты авторлық шығармасы көпшіліктің назарына ұсынылады. 

 Концертті дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко жүргізді. 

 Кеш барысында филармонияның жаңа вокалдық-аспаптық ұжымының тұсаукесері өтті. Осы өнерлі ұжымның сүйемелдеуімен солист Арай Букаева «Седая ночь», «Cherry Lady», «Половина сердца» хит әндерін тамылжыта орындады. 

 Кеш соңында Майкл Джексонның танымал әндері мен «Такси» фильмінің саундтрегі орындалып, көрермендерді тәнті етті. Осындай тамаша кеш үшін музыканттарға алғыс айтамыз және жаңа қойылымдарды асыға күтеміз.

Онлайн кім

Қазір 65 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр