15 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің дәстүрге айналған «Солистер шеруі» атты концерті өтті.

Музыканттар бас дирижер «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалинның және дирижер Шыңғыс Елемановтың жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде шыңдалған орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, солист ретінде өз өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарлама оркестрдің сүйемелдеуімен Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері Әділ Тәуке мен Әнәс Иманғазының (жеке домбыра) орындауында Құрманғазының «Адай» күйімен ашылды. Жандос Құрманбаев (труба) Артур Сандавалдың «Closely Dancing» туындысын орындады, Рустам Жахин (тромбон) және Илья Чапаниди (труба) – Гордон Гудвиннің «Don’Steal My Stuff». Роман Борисовский (баян) Астор Пьяцоллдың «Libertango» шығармасын тыңдармандарына сыйға тартты. Сонымен қатар, Жандос Құрманбаев (флюгельгорн), Ильяс Төлеген (кларнет), Илья Чапаниди (труба), Виталий Яныков (гитара), Наталья Серафимович (саксофон альт), Сергей Никитин (тромбон), Даяна Кенжекеева (саксофон тенор), Мақпал Дәулетжанова (фортепиано), Владимир Тарасов (клавиши), Алексей Забродин (перкуссия), Михаил Кислицкий (ұрмалы аспаптар) жеке партияларды орындады. Филармония солисі Марина Зяблинцева Коул Портердің «It’s All Right With Me» әнімен кештің сәнін кіргізе түсті.

Онлайн кім

Қазір 114 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр