17 қаңтар күні филармония бір жылдық жұмысын қорытындылап есеп берді. 2022 жылы іске асырылған, көпшіліктің көңілінен шыққан «Музыкалық кофехана» жобасы, «Көкшетау-тал бесігім» классикалық және халық музыкасы фестивалі, «Гәккулеткен, аққу жеткен–Көкшетау» өңіраралық фестивалі мен Дирижерлеу бойынша ашық халықаралық мастер-курс және басқа да имидждік және инновациялық жобаларға баса тоқталды.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова филармония жобаларының маңыздылығын атап өте отыра, олар жаңа форма мен жаңа көрермендерді тартуға көмектесетіндігін айтты. Филармония ұжымдарына шығармашылық шабыт, өз идеяларын кеңінен жаһандық таныстыруды тіледі, бұл біздің іс-шараларымыздың бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді және жаңа, ауқымды жобаларды дүниеге әкелуге жол ашады. Басқарма басшысы 2023 жылы 15 қаңтарда берілген алғашқы іс-шара Берік Сарыбайдың жетекшілігімен өткен симфониялық оркестрдің концертіне де тоқталып, жоғары баға берді.
Филармония ұжымдары 2023 жылы да өз көрермендеріне жаңа жобалар мен қызықты кездесулер, тың концерттік бағдарламаларын ұсынады. Жарнамалық ақпараттарымызды жібермей қадағалап, алдағы концерттеріміздің қонағы болыңыздар!
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/820-zhyl-orytyndysy.html#sigProIdb710dc5bff