Филармония ұжымы 11 қазан күні Петропавл қаласына жолға шықты. Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында Г.Гладковтың «Бременские музыканты» музыкалық театрланған қойылымын көрермендер назарына ұсынды. Режиссері Т.Валеев, әңгімелеуші Т.Кирьянова.

Бремен музыканттары: Трубадур, мысық, ит, қораз бен есектің басынан өткен қызықты да, қауіпті, ерекше оқиғаларға толы музыкалық ертегі - көрермендердің бірнеше буын өкілдері сүйіп тамашалап келе жатқан ғажап туынды. Музыканттар ағайынды Гримдар заманынан бастап Германияны аралап, заманауи әндерді шырқап күндерін өткізеді. Кейде ерлік те жасайды. Бәрі жақсы өтіп жатты, бірде цирк қойылымы кезінде басты кейіпкерге ханшайым ұнап қалады…

Бұл ертегінің соңы бізге бала кезімізден таныс, ал бүгінгі қойылымда режиссердің сюжетті көрерменге жаңа, ерекше қырынан көрсету туралы қабылдаған шешімінің негізінде көрермендер қайтадан қызықты музыкалық әлемге бойлады.

Бұл жобаға филармонияның эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі, дирижері Е.Уразалин, камералық хор, жетекшісі Г. Колесникова, «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі Г.Ордабаева және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солистері қатысады.

Онлайн кім

Қазір 148 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр