Биыл ел еркесі Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың  100 жылдығы. Опера мен эстрада жұлдызы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында әншінің есімін алып жүрген Қазақконцерт әртістері өңірлерге жол тартты!

1 сәуір күні  «Көкшетау» МС-да   көрермендер назарына «Қазақ деген халықтың еркесімін» атты жаңа концерттік бағдарлама ұсынылды.

 Концертке Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Дінисламбек Жайлаубай, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Капонова, Асқар Мұқият, Күнсұлу Түрікпен, Нұрболат Арзамасұлы, Салтанат Меңдіғалиева, Жанна Сандыбаева, Гүлнар Көшенова, Әйгерім Алтынбек, Дидар Абдухалық, Зарина Жакенова, Біржан Айтахметов қатысып, өнер көрсетті.

Концерт композитор Бауыржан Ақтаев жетекшілік еткен «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өтті.

Бағдарламада күміс көмей әншінің орындаған «Ах, Самара городок», «Әдемі-ау», «Сыр сұлу», «Ақ тамақ» және т.б. да көпшілікке  танымал әндері орындалды.

Онлайн кім

Қазір 186 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр