18 наурыз күні  Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы    қонақжай   халқымызға ортақ  Көрісу (Амал мерекесі) аясында  Солтүстік Қазақстан  облыстық  филармониясының шығармашылық ұжымдарына   есігін айқара ашты.  

Көкшелік көрермендердің назарына «Есіл мен Көкше бір аймақ» атты керемет концерт ұсынылды. Ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімділікке баулу амалдары қамтылған бұл  дәстүр аясында  дайындалған концерттік бағдарлама өте қанықты, мазмұнды.  Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан  облыстық  филармониясының «Әлқисса» фольклорлық ансамблі, «Әдемі-ау» қазақ би ансамблі мен  танымал әншілер: Біржан Есжанов,  Мұхит Ахметов, Ғалымжан Нұрпейісов, Еркебұлан Қарыпов, Ілис  Қадырбаев, Лаура Күрлеутова, Ділназ Есжанова, Абылайхан  Ақмағамбетов көктемнің шырайлы мерекесі –Ұлыстың Ұлы күнінің қарсаңында Көкшетаулық өнер сүйер  қауымды құттықтап, әсем әндерімен, кербез билерімен тамсандырды.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр