2021 жылдың 11 қазан күні Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сәлем, Елорда!» - өңірлер өнерінің керуені» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.  Бұл шара 12-14 қазан аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласының аумағында ұйымдастырылған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында өткен болатын.

Баспасөз-конференциясының спикерлері – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н. Дәуешов, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж. Сейдуллаұлы, Ақмола облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А. Сәбитова.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шығармашылық ұжымдары мен озық орындаушыларын ұйыстырған «Сәлем, Елорда!» өнер

шеруінің мақсаты – республика көлеміндегі мәдениет саласының мамандары үшін шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, тәжірибе алмасу алыңын қалыптастыру, өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттап, озық үлгідегі орындаушыларды дәріптеу. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ел Тәуелсіздігінің 30 және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы секілді биыл республикалық маңызы бар мерейтойлар мен жергілікті атаулы даталарды қамту.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» жанындағы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» үйлестіретін аталмыш жоба шеңберінде өңірлік филармониялар мен концерттік ұйымдардың, Халық шығармашылығын дамыту орталықтарының ақпарат,          арт-менеджмент және хореография  салалары мамандары үшін үш күндік шеберлік сағаттары өткізіледі. Бұдан бөлек, мәдениет саласының бір бағыты ретінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың аудандық кітапханалары меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаттары өткізілді.

Үш күнге созылған өнер мерекесінің іс-шаралары өңірлік делегациялардың қатысуымен 12 қазан күні сағат 09.00-де Көкшетау МС үлкен залында салтанатты түрде ашылды.

Ауқымды шараның жоспарына сәйкес 14 қазан күні сағат 11.00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында барлық өңірдің Халық шығармашылығын дамыту орталықтарының, филармониялар мен концерт ұйымдар директорларының көшпелі отырысы, сағат 15.00-де Ш. Құсайынов атындағы Қазақ драма театрының залында өнер шеруінің барлық қатысушыларымен Мәдениет және спорт министрлігінің консультативтік кездесуі өтті.

Жоба 14 қазан күні сағат 17:00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруінің концертімен қорытындыланды. Бұл фестиваль Мәңгілік елдің мәдениетін мәртебелеумен қатар өңірлер өнерін өрістетіп, республика көлеміндегі озық орындаушылар мен үздік шығармашалық ұжымдарды ұйыстырған мәдени мерекеге айналып отыр. Сондай-ақ, бұл өнер кешін қолдаушы – Ақмола облысының екенін назарларыңызға саламыз. Ақмола облысының Көкшетау қаласы осы 2021 жылы мәдени Астана болып жарияланды.

«Сәлем, Елорда» республикалық өнер фестивалі мақсаты - өңірлік концерттік ұйымдардың концерттік ұйымдарының имиджін көтеру, олардың өзара ынтымақтастығын арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнер жетістіктерін танымал ету, концерттік іс-шаралардың идеялық-көркемдік және шығармашылық мазмұнын дамыту, өңірлердегі жеке орындаушылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында отандық орындаушылар мен классикалық бағыттағы өнер шеберлері әлемдік сахналарды бағындырып, әйгілі музыканттарды  мойындатып келеді. Нәтижесінде, ғаламның қазақ музыкасы мен мәдениетіне деген құрметі еселеніп, қызығушылар қатары көбеюде. 

Мәдениет және спорт министрлігінің бүгінгі фестивальді ұйымдастыруының мәні де осында.

Еліміздің түпкір-түпкірінен осы үлкен сахнада өнер көрсетуге арнайы келген өнерпаздар әлемдік классиканың хас шеберлерімен қатар тұрып қиял көгіне самғады.

«Сәлем, Елорда» фестивалі республикалық және жергілікті деңгейдегі мерейтойлық даталарды қамтып, орындалатын шығармалардың арнасын да осы бағытқа бұрып отыр.

 

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр