27 қараша күні сағат 19.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында  Дмитрий Петюльдің «Romantic sax 2» атты жеке концерті өтті. Саксофон – джаз  және оған  туыстар жанрларда, сонымен қатар эстрадалық музыкада қолданылатын басты аспап. Бұл музыкалық аспап толыққанды, күшті дыбысталуымен, тембрлік саздылығымен және  техникалық жағынан ерекшеленеді.

Дмитрий Петюль жыл сайын бірнеше жеке концерттерін беріп келеді. Әртістің жан досы, сырласы, мұңдасы  ол – саксофоны. Әртіс бар жан тебіренісін саксофонға салып жырлайды, аспабымен бірге үндесіп, бірін-бірі толықтырып, өнер жолында бірге қадам басып, дамып келеді.

Музыкант  өзінің ұзақ шығармашылық жолында көптеген стильдерде орындап, өзін байқап көрді, олардың ішінде жанына жақыны – джаз, смус-джаз, блюз болды. Қазіргі таңда  Дмитрий  поп, рок,  аралас стильдерде  өзін байқап көруде, сонымен қатар  көрермендердің  қызығушылықтары  мен өз жүрек қалауын да ұмытпауға тырысады. Әртіс әрдайым эксперимент жасап жүреді,  кейде ең күрделі, өзіндік ерекшелігі бар композицияларды  таңдап алады, ол оны қанаттандырып жаңа, қызықты дүниелерді сомдауға шабыттандыра түседі. Талантты музыканттың жан-дүниесімен беріле орындауының арқасында төгілген әр музыка өз көрерменін тауып, оларды баурап, музыканттың өнеріне тәнті болған көрермендер де сүйікті әртістерінің әр нөміріне ерекше ықылас көрсетіп, қошемет астына алды.

Онлайн кім

Қазір 152 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр