Отыз бес жыл бұрын Көкшетау өңірінің мәдениетінде үлкен өзгеріс болды: эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестр құрылды. 2017 жылдың 16 қарашасында оркестр өздерінің мерейтойларын мерекелік концерпен атап өтті. Концерт басталмастан бұрын залда жылы атмосфера орнады: романтикалық әуен аудиторияны толтырды, құттықтауға келген жанкүйерлерлердің қызығушылықтары мен талғамы,  жас ерекшеліктері әр түрлі, бірақ оларды біріктіретін бір нәрсе болды: ол классикалық және джаз музыкасына деген махаббат пен оркестр ұжымына деген құрмет. Көрермендер  «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Ерназар Уразалинмен бірге мерейтой иелерін қошеметпен қарсы алды. Концерттің басталуы ұлттық нақышта болды - тыңдаушыларға «Азия дауысы» А. Бестібаевтың шығармасы ұсынылды. Концерт барысында жүргізушілер эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің қалыптасу тарихы мен ерекшеліктерін атап өтті. Көптеген музыканттар оркестрде оның құрылған сәтінен бастап ойнайтынына ерекше назар аударған жөн: Евгений Субботин – тромбон, Қазбек Гумиров – бас гитара, Виктор Семенов – саксофон. Және көп жылдан бері оркестрде жемісті еңбек етіп келе жатқан: Рустам Жахин – тромбон, Илья Чаппаниди – труба.

Оркестрдің солисттері И.Чаппаниди мен В.Яныков өздерінің қойылымдарын «Рокки» фильмінен Bill Conti «Gonna Fly Now» әнімен ашты. Әріптестерін құттықтап, сондай-ақ көрермендерді қуанту үшін шығармашылық достары, филармонияның әртістері келді: «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов К.Мырзаханның «Жүрегім қазақ, сенесін бе?» туындысын, Ляззат Идрисова Н.Тілендиевтің «Саржайлау» әнін орындады. Сонымен қатар оркестрді «Melody» триосының әншілері Р.Паульстің «Чарли» шығармасымен қуантты. Дәл осы кезде көрермендерді тосын сый күтіп тұрды: ол «Мюзикл» театралдық студиясының актеры К.Керейбаевтың Чарли Чаплин кейпін айнытпай салып ойнауы. Эльмира Камарницкая және «Гәкку» би ансамблі оркестрге Б.Стонның «I love you baby» әнін тарту етті. М.Зяблинцева оркестрге Фредди Перрен мен Дино Фекаристің «I Will Survive» композициясын  сыйлады. «Muz band» триосының Mark Ronson мен  Bruno Mars «Uptown Funk» әнін орындауы көрерменді таң қалдырмай қоймады.

Оркестрдің солистері Юрий Храмцов пен Ольга Гегель Римский-Корсаковтың «Полет шмеля» классикалық туындысымен концерттік бағдарламаны жалғастырды. Әншілер көрермендер көңіл-күйін көтеріп, таң қалдырды.  А.Мельник «Гәкку» би ансамблінің сүйемелдеуімен Pablo Beltran Ruiz «Sway» әнін орындады. А.Карымов, О.Станкус және О.Гергель Астор Пьяццолланың «Libertango» шығармасын керемет таза орындап шықты.
С.Бекмолдиннің орындауындағы А.Бабаджанянның «Чертово колесо» әні   көрермендерді балалық шаққа, жастық шаққа саяхат жасатты.

Әсіресе атап өткен жөн, мерейтой кешіне эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің  мерейтойлық концертіне, шығармашылық дос, әріптес, көркемдік жетекші және Қарағанды ​​концерттік бірлестігінің эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері – Игорь Андрейченконың дирижерлығымен оркестрдің сүйемелдеуімен  Космоның «Осенние листья» шығармасын   А. Калинин Қарағандылық солист орындап шықты. Сонымен қатар «Old San Juan» Jau Beckenstein және А.Сухихтің «Коррида» туындыларын мінсіз орындады.

П.Аедоницкийдің «Нашей юности оркестр» әнін концерттің қорытынды номері ретінде оркестрдің сүйемелдеуімен филармонияның солистері Л.Идрисова, М.Зяблинцева, Ж.Есов, С.Бекмолдин орындады, көрермендер сахна  төріндегі әншілерден қошеметін аямады.

Мерейтойлық концерттің соңында оркестрді Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының директоры Шайкенова Нұргүл Ескендірқызы құттықтап, музыка саласына сіңірген ерен еңбектері үшін алғыс сөзін білдіріп, дирижер мен оркестр солистеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Онлайн кім

Қазір 187 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр