30 қыркүйек күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында музыка мен кескіндеме өнерінің сырлы үндестігін арқау еткен «Симфония холста» атты музыкалық кофехана өтті.

Музыка – көңілдің көрінбейтін бояуы болса, кескіндеме – сол сезімді көзбен көріп, жүрекпен түйсінуге мүмкіндік беретін өнер. Осы екі өнердің тоғысуы көрерменге әуенді тыңдап қана қоймай, оның бояуын, тынысын, көңіл күйін сезінуге мүмкіндік берді.

Кеш барысында филармонияның камералық музыка ансамблі (жетекшісі Жанат Рашит), камералық хоры (жетекшісі  «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова), талантты солистері отандық және әлемдік композиторлардың таңдаулы шығармаларын орындап, тыңдарман қауымға нәзік сырға, терең сезімге және әсем әуезге толы музыкалық туындылар ұсынды. Әр шығарма – өзіндік тарихы мен көңіл-күйі бар көркем әлем. Бірі жүрекке жылу сыйласа, енді бірі ойға жетелеп, қиялға қанат бітірді. Жанды музыка, сырлы әуен, кескіндеменің көркем әлемі мен шынайы эмоция өзара үйлесім тауып, көрерменге эстетикалық әсерге толы ерекше кеш сыйлайды.

Кештің көркемдік мазмұнын музыкатанушы Юлия Никитенко ашып, әр орындалған шығарманың мазмұны мен көркемдік ерекшелігіне тоқталды.

Онлайн кім

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр