2026 жылғы қаңтар айында Қазақстаннан барған өнерпаздар, олардың ішінде симфониялық оркестр әртістері мен "Гәкку" би ансамблі Үндістанда өткен беделді халықаралық музыкалық форум — Lakshminarayana Global Music Festival 2026 фестиваліне қатысты. Фестиваль бірнеше ірі мәдени орталықтарды қамтитын кең ауқымды концерттік бағдарлама ретінде ұйымдастырылды.
Биылғы фестиваль аясындағы концерттер Нью-Дели, Чандигарх, Калькутта, Ченнаи қалаларында өтті, ал фестиваль турының қорытынды концерті Бенгалуру қаласында ұйымдастырылды. Қазақстандық әртістердің қатысуы халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға, шығармашылық тәжірибе алмасуға және ұлттық музыкалық өнерді әлемдік сахнада танытуға бағытталған маңызды қадам болды. Концерттік бағдарламалар үнді көрермендерінің жоғары қызығушылығын тудырып, кәсіби қауымдастық тарапынан жылы қабылдауға ие болды. Lakshminarayana Global Music Festival — классикалық және заманауи музыканы, ұлттық дәстүрлер мен жаңа көркемдік бағыттарды тоғыстыратын халықаралық деңгейдегі беделді фестивальдердің бірі. Бұл фестивальге қатысу қазақстандық өнерпаздар үшін кәсіби тұрғыдан үлкен тәжірибе әрі Қазақстан мәдениетін халықаралық кеңістікте танытудың жарқын мүмкіндігіне айналды.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1161-lakshminarayana-global-music-festival-2026.html#sigProIdbda3c2d5eb

