«Филармония қызметін дамытудың заманауи бағыттары» республикалық отырысының II күні. Отырыс барысында концерттік ұйымдардың қазіргі заман талаптарына бейімделуі, менеджмент, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық индустриялар, цифрлық технологиялар және филармониялардың бірлескен жобалары бойынша маңызды баяндамалар тыңдалды.

Іс-шараның негізгі бағыттары: 1. Концерттік қызметті дамыту: тәжірибе алмасу – Концерттік ұйымдардың менеджменті мен стратегиялық жоспарлау мәселелері; – Өңірлік филармониялардың табысты қызметі мен серпінді жобалары. 2. Инновациялар мен жаңа тәсілдер: – Цифрланған музыкалық мұра және ұлттық архив қорын қалыптастыру; – Филармонияларды креативті хабтарға айналдыру; – Заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу; – Мәдениет индустриясында жасанды интеллектті табыс көзіне айналдыру жолдары. 3. Филармониялардың бірлескен жобалары арқылы мәдени интеграцияны дамыту. Форум барысында еліміздің мәдениет ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсыныстар талқыланып, саланың одан әрі дамуына ықпал ететін жаңа мүмкіндіктер қарастырылды. Филармония директоры Нұргүл Ескендірқызы жиынға қатыса отырып, салалық әріптестермен кәсіби байланыс орнатып, филармония қызметін жаңартуға қатысты бірқатар өзекті бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр