Түркітілдес елдердің мәдениет министрлерінің шешімі бойынша 2025 жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған еді. Осы ауқымды жобаның қорытынды кезеңі ретінде 23–29 қараша аралығында «Ақтау 2025 – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтті.
Бір аптаға созылған мәдени шаралар түркітілдес мемлекеттер арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға, ортақ мәдени мұраны танымал етуге және шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуына үлкен үлес қосты. Аталмыш халықаралық іс-шараға Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі де арнайы шақырылып, ұлттық би өнерін көпшілік назарына ұсынылады. Ансамбль орындаған көркем қойылымдар көрермендердің зор ықыласына бөленіп, қазақ би өнерінің нәзік те көркем болмысын паш етті. «Гәкку» ансамблінің бұл өнер көрсетуі – өңіріміздің мәдениет саласының жетістігін танытып қана қоймай, Қазақстанның бай мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан елеулі үлес болады.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1101-a-tau-2025-t-rki-lemini-m-deni-astanasy.html#sigProIdb8551b8bc2

