21 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары еліміздің экономикасын дамытуға, ауыл шаруашылығы саласын жетілдіруге елеулі үлес қосып жүрген Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, мазмұнды да әсерлі мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне арналған бұл концерт — олардың маңдай тері мен табанды еңбегіне құрмет көрсету.

Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен филармония солистері әсем әнмен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында ұлттық және заманауи бағыттағы шығармалар орындалып, музыкалық палитраның кеңдігімен ерекшеленді. Концерттік бағдарламаға «Гәкку» би ансамблі де қатысып, көрерменге ұлттық би өнерін паш етті. Ансамбльдің әр нөмірі сахнаның сәнін келтіріп, мерекелік кештің көркемдік деңгейін одан әрі арттырды.

Онлайн кім

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр