30 қазан күні филармонияның 79-концерттік маусымының ашылуы аясында эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті.

Өңірдегі алдыңғы қатарлы, өзіндік қолтаңбасы бар шығармашылық ұжымдардың бірі саналатын оркестр тыңдармандарды жанды әуеннің, шабытқа толы саздың әлеміне шақырды. Концерттік бағдарламада отандық және шетелдік танымал эстрадалық шығармалар, көпшілікке белгілі әндердің аспаптық өңдеулері, сондай-ақ жаңа маусымға арнайы дайындалған музыкалық туындылар көрермендер назарына ұсынылды. Әрбір шығарма оркестрдің өзіндік интерпретациясында, музыканттардың шеберлігі мен эстрадалық-үрлемелі аспаптардың заманауи үні үйлескен ерекше орындауда орындалды. «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Ерназар Уразалин жетекшілік еткен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі – өз өнерімен көпшіліктің ықыласына бөленген ұжым. Олардың өнері кәсіби шеберлігімен, сахнадағы харизмасымен және қуатқа толы энергиясымен кез келген тыңдарманның жүрегін баурады. Бұл концерт тыңдармандарға әуен мен ырғаққа толы әсерлі кеш сыйлап, жаңа маусымның жарқын бастамасы болды.

Онлайн кім

Қазір 80 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр