30 қыркүйек күні филармонияның 79-концерттік маусымның ашылуы аясында симфониялық оркестр тыңдармандарының назарына «Вена классиктері» концертін ұсынды. «Вена классикасы» - ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпаған, мәңгілік музыка.
Оның құпиясы - кейінгі барлық дәуірлер бүгінге дейін оған қарап бой түзейтін, үлгі алатын, шабыттанатын, керемет композиторлық техникасы бар классикалық музыканың алтын стандартына айналғанында. 18 ғасырда Вена бүкіл Еуропаның мәдени орталығы болды, оған түрлі елдерден дарынды композиторлар жиналды. Олардың арасында веналық классицизмнің басты «алтын үштігі» – Гайдн, Моцарт және Бетховен кәсіби деңгейімен де, батыл музыкалық жаңалықтарымен де ерекше көзге түсті. Олар бір-бірінің шығармашылығымен таныса отыра, өз өнерлерін дамыттып, жетілдіре түсті. Гайдн мен Моцарт дос болған, ал Бетховен – Гайднның тікелей шәкірті болған. Сондықтан да олар - өнер әлемі әлі күнге дейін табынып келе жатқан музыкалық камертон, алтын стандарт. Концертте көпшілікке кеңінен таныс шығармалармен қатар, В.Гётенің трагедиясына жазылған Л.Бетховеннің «Эгмонт» драмалық увертюрасы, Моцарттың гобойға арналған до мажор релакс-концерті және де Гайднның соңғы туындысы, көтеріңкі әрі жанды сергітетін №104 симфониясы орындалды. Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамиля Махпирова өнер көрсетті.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1064-vena-klassikteri.html#sigProId2a52acd717