18 қыркүйек күні  «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында филармония төрінде  «Екі жұлдыз» жобасы екінші рет өтті. Еліміздің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп келе жатқан әр саланың жұмысшылары филармонияның кәсіби солистерімен бірге, эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің  сүйемелдеуінде өнер көрсетті. 

Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге,   мәртебесін көтеруге, маңыздылығын және қоғамдағы рөлін насихаттауға, шығармашылық пен еңбек адамы арасындағы байланысты нығайтуға, ынтымақтастықты арттыруға, жұмысшы мамандық иелеріне өзін сахнада көрсетуге мүмкіндік беруге, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. 

Осы жолы «Екі жұлдыз» жобасына Көкшетау қаласының алдыңғы қатарлы кәсіпорындары мен мекемемелері: Ақмола облысы полиция департаменті, ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау автобус паркі, «База Восток Строй»  ЖШС   қатысты. Бағдарламада эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің  сүйемелдеуінде               ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қабылдау бөлмесінің инспекторы Рамиля Шамиғанова мен филармония солисі Аманғали Жұматаев, іс қағаздарын жүргізуші инспекторы Дариға Манап пен Алан Бектеміров, «База Востокстрой» ЖШС менеджері Даниэль Ишмухаметов пен  Халықаралық байқаулардың лауреаты Алла Беш,  Ақмола облысы полиция департаментінің  аға инспекторы Бекзат Жұмаенов пен Дариға Есмағұлова,  Көкшетау автобус паркінің  жүргізушісі Еркін Лұқпанов пен Аманғали Жұматаев өнер көрсетті. Кәсіби әртістер мен халық өкілдерінің тандемінен құрылған  шығармашылық дуэттің орындауындағы әр шығарманы халық тамсана тамашалар, ерекше ықылыспен қошемет көрсетті.

Концерттің соңында жобаға қатысқан жұмысшы мамандық иелері арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Жұмысшы мамандықтар  жылы аясында өткізіліп отырған  жоба  қатысушылар үшін де,   көрермендер үшін де керемет әсерлі болғаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 174 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр