7 наурыз күні «Көкшетау»МС-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы өңіріміздің нәзік жанды әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін атап өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін көрермендерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлұқпан Жолдасов пен әлемге әйгілі майталман скрипкашы Марат Бисенғалиев, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева, Республикалық байқаулардың лауреаттары: Аякөз Қалмағанбетова, Серікболсын Бекмолдин, Асылзат Нұғыманова, Бекұлан Ерболатұлы, Мерғали Хамит, Данияр Қабдуалиев, Мадияр Абай (баян), Мәдениет саласының үздігі Ербол Базаров, «QAZAQ VOICE» квартеті, «Реверанс» би-спорт клубы және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының бірлескен эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Гәкку» би ансамблінің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Дирижерлік пультте Қазақстанның Халық әртісі Абзал Мұхитдинов, Темірлан Нұржау, Дина Ардақ өнер көрсетті. Сонымен қатар Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары көктемнің шырайлы да шұғылалы мерекесінің қарсаңында бірқатар концерттер беріп, аяулы жандарды төл мерекелерімен құттықтады.

Онлайн кім

Қазір 99 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр