19 ақпан күні «Көкшетау» МС-да Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дж.Верди атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, профессор Шахимардан Әбілов өнер көрсетті.

Бар өмірін ұлы ақын, композитор, би-шешен, ұстаз, аудармашы, философ және қоғам қайраткер Абай шығармашылығын насихаттауға арнаған Шахимардан Әбілов ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Ой толғау. Хәкім Абай» монооперасы көпшіліктің назарына ұсынды. Ол Хәкім Абайдың даналығын ән арқылы жеткізіп таратуда. Фортепиано партиясын Халықаралық байқаулардың лауреаты Әлияр Өтетілеу орындады. Моноопера - өнер саласындағы сирек жанр, сондықтан да бүгінгі Көкшетау төрінде өткен Шахимардан Әбіловтің моноопера-концерті көрермендер үшін таңсық, ерекше оқиға болды. Монооперада «Көзімнің қарасы» «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Бойы бұлғаң», «Қарашада өмір тұр», «Қор болды жаным» және тағы басқа да Абайдың асыл әндері мен өлеңдері, мағынасы зор қара сөздері орындалды.

Онлайн кім

Қазір 153 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр