31 қаңтар күні сағат 19.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында симфониялық оркестрдің «Вечер русской классики» атты концерті өтті. Орыс музыкасы – әлем мәдениетінің үлкен бір бөлігі, еуропалық музыка өнерінің стильдік ағымдарының дүниеге келуі мен ауысуында музыкалық ойлаудың тарихи дамуының маңызды бір буыны болып табылады. Бұл кеште музыка өнерінің жауһарларына айналған композициялар, атап айтсақ Чайковскийдің №5 симфониясы (1 және 2 бөлімі), Рахманинов, Римский, Булахов, Бородинның асыл шығармалары орындалды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева мен күміс көмей жас әнші Аягөз Қалмағанбетова кештің сәнін кіргізіп, сахна төрінде өнер көрсетті. Орыс музыкасы талай ғасырлар бойы басқа елдердің музыка мәдениетімен етене араласа отыра, басқа да көркемдік өнернама түрлерімен тығыз байланысқа түсіп қалыптасқандығымен және дамығандығымен ерекшеленеді. Осындай ғажап концертті тамашалауға келген көпшілік бұл кештен үлкен ләззат алып, демалып шықты.
«Вечер русской классики»
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 765
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 223 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр