Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі (дирижері Тұрлыхожа Базаров) және «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Ордабаева) 13 мамыр күні Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында Аста қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында өткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Астана – ән қала» атты шығармашылық кешіне қатысты. К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Гәкку» би ансамблі «Биші қайың» биін орындады, сонымен қатар ұжым әдемі хореографиялық қойылымымен дарынды әртіс, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанованың көрсеткен өнерін ажарландыра түсті.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/432-ke-es-d-jsekeevti-shy-armashyly-keshi.html#sigProId902bc397b4