2017 жылдың 29 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облыстық филармониясының концерт залында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концертмейстері Әбілсерік Қамашевтың (домбыра) 50 жылдық мерейтойына арналған жеке концерті өтті. Іс-шара қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Тұрлыхожа Базаровьың дирижерлығымен «Гәкку» би ансамблінің орындауындағы дәстүрлі «Шашу» биімен ашылды. Жүргізуші – Сәрсенбай Хасенов мерейтой иесіне құттықтады. Ары қарай мерейтой иесі Дәулеткерейдің «Қаражан ханым», Еспейдың «Терісқақпай», Тәттімбеттің «Саржайлау», халық күйі «Ел айрылған» сияқты қазақ халық әндерін жеке орындады.
Әндерден кейін қазақтың ұлы даласының балалары Үкілі Ыбырай және Сарыарқаның басқа да ақындары жайында біраз ақпарат айтылды. Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Ақсақ құлан» халық күйі - бұл музыкалық шедевр, онда қашқан құланның тұяқтарының шабысы бейнеленген. Оны тыңдап, тыңдаушылар дыбыстың екі ішектен шығып жатқандығына сене алмады, кішкене оркестр ойнап жатқан сияқты сезінді. Беркінбек Зарапұлымен бірге дуэтте Н.Тілендиевтің «Аққу» шығармасы ойналды. Тұрлыхожа Базаровтың дирижерлығымен оркестрдің сүйемелдеуімен Әбілсерік Қамашев өз өнерінің табынушыларына А.Жайымовтың «Шалқыма» туындысын сыйға тартты.
Музыкантты жеке шығармашылық кешімен әріптестері Е.Нысанбаева және С.Биржанов Ш.Қалдаяқовтың «Қайықта» әнімен құттықтады
Мерейтой иесінің анасына алғыс сөзін жеткізуі және әкесі мен баласы Әбілсерік Қамашев (домбыра) пен Санжар Әбілсерік (баян) танымал әуендерден «Поппури» ойнауы концерттің өте бір әсерлі сәті болды. Көрермендер «Гәкку» би ансамблінің сүйемелдеуімен Н.Тілендиевтің «Қош керуен», Қ.Ахмедьяровтың «Арпалыс» және Н.Тілендиевтің «Әл қисса» күйлерінің виртуоздық орындалуына таң қалды. Филармония әртісі Серікболсын Бекмолдиннің орындауындағы «Рафаэль» операсынан А.Аренскийдің «Песня певца за сценой» және В.Городовскаяның «Калинка» шетелдік шығармалар концерттің көрермендері мен қонақтары үшін таңғажайып ерекшелік болды. М.Тіналиннің «Русские потешкиді» оркестрмен орындауы концертке ерекше атмосфера сыйлады. Концерт филармония әртістері Құрмет Сеитов, Азамат Айкишев, Самал Аубакирова, Досхан Калиенов және Әбілсерік Қамашевтың «Күй-тартысымен» керемет аяқталды. Домбырашылардың музыкалық байқауы кезінде қатысушылар танымал күй жеке ойналып жатқанда оған ілесіп отырды және бұл өнерді көрермен өте жоғары бағалады. Тыңдармандардың қуанышты лебіздері мен тоқтамай соғылған қошеметтеріне күйшілер күйлердің жиынтығын эстафета түрінде тоқтамай орындады. Бардық күйшілер соңына қарай халықтың сүйікті күйі – Құрманғазының «Сарыарқасын» тамаша орындады. Концерт Ақмола облыстық филармониясының директоры Шайкенова Нұргүл Ескендірқызының және Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры Мұхамедьяров Саян Болатұлының құттықтаулары және алғыс сөздерімен өз мәресіне жетті. Тыңдармандар, көрермендер, әншінің жерлестері концерт бойы мерейтой иесінен өз қошеметтерін аямады.