21 қыркүйек күні Ақмола облыстық филармониясында «Музыкалық кофейня» инновациялық жобасы аясында әдемі және әуезді романс пен ән кеші өтті. Халық сүйіп тыңдайтын, танымал романс жанрындағы әндерден құралған концерттік бағдарламада облыстық филармонияның барлық жеке әншілері  өнер көрсетті. Концерт филармонияның фойесінде өткендіктен, көрермендер үшін кештің форматы сәл өзгешелеу болды.

Филармонияның «Музыкалық кофейня» атты жаңа жобасы Көкшетау халқына ұнағанын атап өтуге болады. Сахна төрінен романстың сүйікті әуендері, қазіргі композиторлардың әндері естілгенде қонақтардың қуаныштарында шек болмады.

Концерт бағдарламасында, әдемі және мәңгілік жанрмен, қонақтарға нағыз музыка мейрамын сыйлаймыз деген әншілердің ниетімен біріктірілген 23 шығарма тыңдалды. Және әртістер көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

Бағдарламаның шымылдығы филармонияның солисті Юрий Храмцовтың «Две плакучие ивы» романсымен ең үздік, талантты музыканттың бірі  Алибек Ахмалишевтің сүйемелдеуімен ашылды. Көрермендер үшін таңқаларлығы - көпшілік сүйіп тыңдайтын Гүлжан Ахметованың орындауындағы Бакалейниковтың «Бубенцы» романсы, сонымен қатар Сәкен Біржанов пен Жәния Жақанова сыйлаған «В мире есть краса одна» романсы болды. Опера ханшайымы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дукумбаева  елді аузына қаратып Булаховтың «Я тебя с годами не забыла» және Фоминнің «Только раз» романсын керемет орындап шықты.

Кеш барысында қонақтарға өз шығармаларын сыйлап, өздерінің сиқырлы дауыстарымен қонақтарды таң қалдырған ақмолалық белгілі әншілер – Мереке Бекмагамбетов, Валерия Болиева және Махаббат Мұхамеджанова.

Лиризмға толы әдемі әндер сыйлайтын Жанат Есов пен Серікболсын Бекмолдинді көрермендер әдеттегідей жылы қабылдады. Музыка мен шеберліктің  тамаша үйлесімі деп Зубовтың «Не уходи» және Петровтың «Я словно бабочка к огню» туындыларын орындаған Эльмира Камарницкаяның және Носковтың «Романсын» орындаған Батыржан Бағдаттың  өнерін айтуға болады.

Романс пен әдемі ән кешінің  нүктесін Петровтың «Романс о романсе» шығармасын орындаған керемет әнші Валерия Болиева қойды. Қорытынды номерді көрермен ерекше жылы қабылдады. Қонақтардың үздіксіз шапалағы музыканың керемет қуатын  тағы да растап, мәртебесін көтеріп тастады.

Онлайн кім

Қазір 182 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр