24 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Meda Music Party» атты интерактивті музыкалық шоу өтті.

Заманауи музыкалық бағыт пен сахналық өнерді үйлестірген жарқын шоу көрермендерге тың әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шоудың басты ерекшелігі – музыкалық бағдарламаның интерактивті форматта ұсынылып, көрермендердің де кештің ажырамас бөлігіне айналуы болды. Әуезді әуендер, әсерлі орындаулар мен ырғақты билер бір арнаға тоғысып, сахна мен зал арасындағы ерекше шығармашылық байланыс қалыптастырды.

Музыкалық шоуда эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі, «DNK» студиясы, «BIPL MUSICAL» театралдық студиясы және филармония солистері өнер көрсетті. Оркестр мен солистердің жанды орындаулары, бишілердің кербез биі    көрермендерге ерекше әсер етті.

Онлайн кім

Қазір 278 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр