17 қараша күні «A’STUDIO на волне хитов» концерті өз көрерменін тағы да жинады.
Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі мен филармония солистері отандық поп-сахнада ерекше стилімен әрі музыкалық талғамымен танымал болған ұжым, миллиондаған жанкүйерлердің жүрегінен орын алған, аты аңызға айналған A’STUDIO тобының хит әндерінен тұратын бай бағдарламасын ұсынды. A’STUDIO тобы 40 жылдан астам тарихында хитқа айналған ондаған композицияларды дүниеге әкелді.
Осы жолғы концерттік бағдарламада «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов «Нелюбимая», «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова «Улетаю», Марина Зяблинцева «Fashion Girl», «Я искала тебя», Серікболсын Бекмолдин «Грешная страсть», Саида Сағди «Так же как все», Арай Букаева «Еще люблю», Анастасия Мельник «Папа, мама», Аманғали Жұматай «Стоп ночь», Бауыржан Алибеков пен Данияр Агибаев «Солдат любви» Алла Беш «Любовь река», Эльмира Камарницкая «Вьюга», Инара Мукушева «Только с тобой», Алан Бектеміров «Гүл Алматы» сынды көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Концертке «Гәкку» би ансамблі, «DNK» би ансамблі, БЭК вокал да қатысты.
Қазақ эстрадасының символына айналған A’STUDIO тобының шығармашылығына арналған «A’STUDIO на волне хитов» концерті тыңдармандардың жүрегін жаулап алып, ерекше сезім, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/1298-a-studio-na-volne-khitov.html#sigProId60422c9184

